«А» дыбысы және әріпі .Сауат ашу негіздері

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Жантайбек пен Айпад ь жəне ъ

Мақсаты: Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы!

жəне т. ) қолдану. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

64 Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Əйбат біздің Əліпби

Тема: Полезные и вредные привычки. Что интересного я узнал?

Цель:Понимать значение часто повторяющихся слов по лексическим темам. внимательно слушать и отвечать собеседнику короткими фразами, используя образец, мимику, жесты.

Ұйымдастырылған оқу қызметі

№9 «Тамшылар» мектепалды даярлық тобы

Күні:2. 2019 ж.

«Коммуникация» білім саласы

ҰОҚ:Сауат ашу негіздері

Тақырыбы:А а дыбысы және әрпі

Мақсаты:Балаларға «А» дыбысы туралы түсінік беру; сөздердегі «а» дыбысын тауып белгілеуге және басталатын сөздерді атауға үйрету; тапсырманы дұрыс орынату сәйкестігін және тәрбиешіні тыңдай білу дағдыларын дамыту; Тапсырманы орындау кезінде бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.

Құралдар: Коврограф Воскобовича, жемістердің суреттері (алма, алмұрт, апельсин, анар, шие, банан, алша); палочки Кюизенера; мозайка; «А» әріп таңбасы. «Ана»,

Қозғаушы- мотивациялық кезең.

Шаттық шеңбер: «Біз көңілді баламыз»

Күнмен бірге оянамыз,

Құстарменен ән саламыз.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Дейміз біз, күлімдейміз.

Мен, мен, мен ақылды баламын,

Мен сүйкімді баламын.

Менде достар көп, мен досымды жақсы көремін.

Ұйымдастырылған – іздеу кезең.

-Балалар, бүгін біз «А» дыбысымен танысамыз.

Ойын: «Қандай дыбыстан басталып тұр?»

— Балалар, мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер қандай дыбыстан басталып тұрғанын анықтап айтыңдар. Астана, ата, Алматы, Асан, Ақтөбе, Ақмола. Қандай дыбыстан басталып тұр?

Балалар жауабы: «А» дыбысынан басталып тұр.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, «А» дыбысынан басталып тұр. Ал, енді үш дауыс ырғағында айтып көрейік.

Қатты дауыста.

Жай дауыста.

Созып әндетіп айтайық.

-Ал, енді сендер маған сөздерді ойлап айтыңдар.

Түсіндіру: Әрбір дыбыстың өзіне тән әрібі болады. Сондай – ақ «А» дыбысының мынау «А» әріпі.

-«А» әріпі қандай түсте берілген?

Балалар жауабы: «А» әріпі қызыл түсті.

-Себебі, «А» дыбысы дауысты дыбыс, сондықтан қызыл түсті. «А» дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.

-«А» әріпі неге ұқсайды?

-Қандай затқа ұқсайды?

Сендердің алдарында сиқырлы қалташа тұр. Қалташаны ашып, мозайканы құрастырындар.

-Балалар, қандай әріп пайда болды?

-«А» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдар.

Балалар жауабы: «А» әріпін құрастырыдық.

«А» дегенің ана,

Жақсы көрер бала.

А-на, аға, а-та,

Тек сен ал-ға!

Тапсырма: «Ойна, ойлан, тап»

Тапсырма барысы: берілген суреттерден «А» дыбысының орнын тауып белгілеу керек.

Ат, бас, ора.

Тапсырма: Кюизенера таяқшаларымен «А» әріпін құрастырындар. Үлкен таяқшалармен үлкен «А» әріпін, ал қысқа таяқшаларымен кіші «А» әріпін құрастырындар. «А» әріпі қанша таяқшадан құрастырылған?

Балалардың жауабы: А әріпі үш таяқтан құрастыруға болады.

«Жемістерді себетке сал»

Коврограф Воскобовича суреттерді мұқият қарап, «А» дыбысынан басталатын жемістерді себетке салыңдар.

-Неге шиені себетке салмадыңдар?

Балалар жауабы: — Себебі, шие «А» дыбысынан басталмайды.

ІІІ. Рефлексиялық –коррегиялық кезең.

Дұрас, балалар бүгін біз қандай әріппен, дыбыспен таныстық?

Балалар жауабы: — «А» дыбысы мен әріпімен таныстық.

-Сендер не ұнады?

Балалардың жауаптары.

-Балалар, мағанда сендердің тапсырма орындағандарын ұнады. Рахмет!

Сауат ашу жұмысының кезеңдері.

Мақсаты:Сауат ашудың кезеңдері мен әдістері туралы меңгерту. Әр кезең бойынша әдістерді басшылыққа ала отырып, технологиялық карта құруға үйрету, олардың ерекшеліктерін анықтау.

Сауат ашудың әдістері.

Сауат ашудың кезеңдері.

а) әліппеге дейінгі дайындық;

Читайте также:  ‎App Store: VirtualDJ Remote

б) әліппеден кейінгі ;

Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар.

Балабақшадағы сауат ашу жұмысында буынға бөліп оқыту тәсілі, жеке сөздерді оқыту тәсілі, әріптерді теріп оқыту тәсілі және дыбыстық талдау, жинақтау әдісі қолданылды. Қазіргі кезеңде осы әдіс-тәсілдердің ішінен талдау-жинақтау әдісі балалардың сауатын ашуда тиімді әдіс екендігін байқатты. Бұл әдістің негізі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау кезеңдерінде балалар сөйлемдерді жеке сөздерге, сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға талдап үйренеді. Ал жинақтау әдісі бұған керісінше жеке дыбыстардан буындар, буындардан сөздер, сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Кейде бұл әдісті аналитикалық, синтетикалық әдіс деп атайды.

Сауат ашу кезеңі негізінен 3 /үш/ кезеңге бөлінеді:

Дайындық кезең. Балалардың тілін дамытуға байланысты зерттеу жүргізген Сағира Рахметова осы кезеңде төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керектігін айтқан.

· балалардың сөздік қорын анықтау;

— балаларға сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыру;

— балалардың сөйлеу мәнеріне көңіл аудару, олардың тіл кемістігін түзету;

· тәрбиешінің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру;

Әліппе кезеңі. Бұл кезеңде дыбыс пен әріпті таныстыру, үйрету дауысты дыбыстардан басталады. Өйткені дауысты дыбыстар созып айтуға келеді. Мысалы: Әліппенің алғашқы төрт сабағында балалар А, О сияқты жуан, ашық дауыстылармен танысады. Сондай-ақ дауыссыз “Л” дыбысын, бірде дауысты бірде дауыссыз “У” дыбысын, қысқа “Й” дыбысын оқып танысады.

Сөйтіп әріп үйрету кезеңдерінің алғашқы он сабақтарында балалар сөз ішінен бөліп алуға жеңіл дыбыстарды меңгереді. Егер балалар сөзді буын жігімен оқи білуге төселсе, олардың сөйлемдерді құрастыруы да жеңіл болады. Әліппе кезеңдеріңдегі қиындық келтіретін жұмыс балаларға жіңішке буынды сөздерді үйрету. Өйткені жіңішке дауыстылар өздерінің қасындағы басқа дыбыстарды жіңішкертіп жібереді. Сондықтан жіңішке буынды сөздерді буындарға бұрыннан таныс жуан буынды сөздермен салыстырып оқыту керек. Мысалы, бір буынды сөздер өр-ор, сан-сән, тор-төр т.

Әліппеден кейінгі кезен. Бұл кезеңде балалардың оқу, жазу дағдылары жетіле түседі және балаларға айтылатын көркем мәтіндер тек қана сауат ашу мақсатын көздемейді, сонымен бірге тәрбиелік те мақсатқа оқылады және бұл кезеңде оқылатын шығармалар жанр жағынан түрліше болып келеді. Яғни өлеңдер, ертегілер, әңгіме, жұмбақтар. Бұл кезеңдегі оқу сабақтарында үйретілгелі отырған жаңа дыбыстардан басталатын немесе аяқталатын немесе сол дыбыс ортасында келген сөзі бар сөйлемдерді бөліп алып, оған балалардың назарын аудару қажет. Содан соң сол дыбыстардың баспа немесе кеспе әріп түрі көрсетіледі және сол дыбысқа балалардың өздері сөздер, сөйлемдер құрастыру қажет. Мәтіндегі негізгі айтылатын ой анықталып, сол ойды дәлелдейтін сөйлемдер балалардың өздеріне таптырылады.

Негізінен сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде төмендегідей талаптар қойылады:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құрылысы, көрнекі құралдар балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Бұл сауат ашу кезеңінде қолданылатын ең басты көрнекі құрал кеспе әліппе. Осы кеспе әліппеден балалар сол күнгі өтілген дыбыстарды тауып, буын, сөз, сөйлем құрайды. Сондай-ақ балалар әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданды. Онда әрбір әріптің таңбасы және сол әріптен басталатын заттың суреті бейнеленеді. Қызыл, көк түсті төтбұрыштар дайындалып, қызылмен дауысты дыбыс, көк түспенен дауыссыз дыбыс белгіленеді. Сондай-ақ сауат ашу кезеңдерінде дидактикалық материалдарда кеңінен қолданылады. Ондай материалдар сөздің дыбыстық құрамын талдауға арналған топтамалар немесе ұсақ үлестірмелі заттар бейнеленген суреттер болып келуі мүмкін. Бұл дидактикалық материалдар өтілген дыбыстарды қайталау кезінде немесе балалар түсінігіне ауыр дыбыстарды өтуде логикалық жаттығулар өткізгенде және балалардың жеке ерекшеліктерінеқарай тексерулер бергенде пайдалануға болады.

Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүйелі, бірізді, жеңілден ауырға қарай дамуы қажет. Сондай-ақ сауат ашу кезінде балалар тек қана тіліміздегі дыбыстардан тауып қоймайды, сөздік қорларын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын кеңейтеді. Өйткені сауат ашу жұмысы сөйлем құрастырып айтуымен тығыз бірлікте жүргізіледі.

Читайте также:  Первые впечатления от iPad Air и iPad mini с Retina-дисплеем | Яблык

Балалардың оқу, жазу дағдылары, икемділіктері қалыптасады. Алғашқы да сауат ашу кезеңдеріне балалар дыбыстарды саусақпен ауада жазып үйренеді.

Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тәрбиелік мәні болуы қажет. Сауат ашуға байланысты айтылатын мысалдар арқылы балалар жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы, үлкендер еңбегі туралы түсініктерін, ұғымдарын одан әрі кеңейтеді. Сондай-ақ қоғам өмірімен танысып кеңейтеді. Салт-дәстүр түрлі мерекелердің не үшін аталып өтетінін туған жері,елі, оның өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұматтар алады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адамдардан қарапайымдылық секілді қасиеттерді үйреніп,көшеде жүру тәртібі, жол ережесімен танысады.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

Дайындық, әліппе, әліппеден кейінгі кезеңдер.

II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:

Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.

4) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды ата.

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Технологиялық карта құру, өткізу, талдау.

Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

Нұрмухаметова Р. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. автореф. – Алматы, 2004. – 23 б.

Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

Бәтібаева С. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2004. – 144 б.

Метербаева К. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2005. – 150 б.

Тақырып: Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысын жоспарлау

және есепке алу

Мақсаты:Студенттерге тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау мен есепке алудың мақсатын түсіндіру. Жоспар түрлерін, принциптерін меңгерту. Жоспарлаудың принциптерін басшылыққа ала отырып жоспар құруға үйрету.

Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлау мен есепке алудың мәні.

Жоспар түрлері.

Балалармен жүргізілген жеке жұмыстар.

Мазмұны:1. Шолу дәріс. Жоспар тәрбиеші еңбегінің дұрыс мақсатқа сай ұйымдастыруына тіл дамытудан іске шалағайлықтың болмауына жағдай жасайды. Сонымен қатар жоспарда тіл дамытудың мазмұны, әдістері, өткізілетін мерзімі көрсетіледі. Сондықтан жоспар тәрбиешіге өз тобында жүргізілген жұмыстар бойынша алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді. Балабақшада жоспарлаудың бірнеше түрлері бар: бір жылға арналып жасалатын — жылдық жоспар. Жылдық жоспарда тіл дамыту сабақтарының негізгі міндеттері көрсетіледі. Бұл жоспардың 1-ші нұсқасы әкімшіліктің, кәсіподақ ұйымдарының, барлық ұжым қызметкерлерінің қатысуы арқылы және солардың ұсыныс тілектері аудандық, қалалық оқу бөлімінің кезектегі талаптары ескертіліп жасалады. Осы жасалған жылдық жоспарды тәрбиеші өзіне қажетті бөліктерді көшіріп алып, әдістемелік шаралар дайындайды. Яғни тіл дамытыу сабақтарында қандай көрнекі құралдарды және әдіс-тәсілдерді бейнелейді.

Жоспардың келесі түрі – екі апта бұрын таныстырылатын календарлық жоспар. Календарлық жоспарда топта күні бойы істелетін жұмыстар көрсетіледі.

Перспективалық жоспар – тәрбиешілер өздері дайарлайды. Бұл жоспарды жасаудын міндеттілігі жоқ, бірақ тәрбиешіге пайдалы

тіл дамыту жұмысынын мазмұнына байланысты бір айда немесе бір тоқсанда қандай сөздерді, қандай грамматикалық формаларды балаларға үйрету керектігі көрсетіледі.

перспективалық жоспарда тіл дамытудан бағдарламалық талаптың шаралары көрсетіледі. Мыалы: ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде қандай дидактикалық ойындарды пайдалануға болатындыгы жазылады. Осы жоспарлармен қатар күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектілері жасалады. Барлық топтарда жасалатын календарлық жоспарға бірдей талап қойылады. Тек қана олардың айырмашылығы бағдарламалық материалдарға кететін уақытқа байланысты және оқыту әдістеріне байланысты. Сонымен, бірге тәрбиеші календарлық жоспар жасағанда екі апта өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүйелілігіне көңіл бөледі. Сонымен қатар жыл басында жеңілдеу, балаларды қызықтыратындай материалды алу керек. Сондықтан кейбір атаулы күндер, жыл мезгілдері ескерілуі қажет. Балалардың өткен сабақтарында игерген икемділіктері мен дағдылары өткен сабақтардың нәтижесіне көңіл бөлінеді. Сондай-ақ бұл жоспарда балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып, сөздік қорын дамытатын, байланыстырып сөйлеуге үйрететін тақырыптар алуы қажет. Жоспарлау кезінде қайталау жұмыстарына да көңіл бөлінеді. Әсіресе балалардың үн реңкін қалыптастыратын, балалар айтқан кезде қиналатын сөздер, сөз тіркестеріне қайтадан оралып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде сол сөз тұлғаларымен жұмыс жасау қажет. Сондықтан тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қандай мақсатта қайталау керектігін жоспарда көрсетуі тиіс. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тек қана тілдік элементтер ғана емес, тәрбиелік жағына да көңіл бөлінеді. Яғни балаларды көргендерін талдай білуге, жинақтап қорытынды жасай білуге, байқағыштыққа үйрететін материалдарды іріктей білу қажет. Балабақшада көбінесе календарлық жоспар жасаған кезде төмендегідей қателіктерге жол беріледі:

Читайте также:  Как почистить раздел «Другое» на iPhone и iPad |

Әдетте бағдарламалық материалдың бір бөлігі ұмыт қалады, немесе жүйелілік сақталмайды. Ең басты қателік: Сабақтарға берілген уақытты толық пайдаланбау. Әңгіме немесе ертегіні жоспарлаған кезде қойылатын сұрақтар, балаларға түсіндірілетін жаңа сөздер, шығармалар. Сол шығарманың мазмұнына байланысты пайдаланатын дидактикалық ойындар немесе тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар тәрбиеші жоспарында нақты көрсетілмейді де, тәрбиеші оқу іс-әрекетін уақытынан бұрын аяқтайды.

Барлық топта ең кем дегенде аптасына бір рет бақылау жұмысы жоспарланады бақылау жұмысының тақырыптары мазмұнына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, бірінші аптада құрылыс обьектісін бақылау, екінші аптада табиғат құбыластарын бақылау, үшінші аптада адамдар еңбегін бақылау, төртінші аптада жыл мезгілдеріне байланысты болатын өзгерістерді бақылау. Осы аталған жоспарлардың қайсысын болсын жасағанда төмендегі принциптерді ескеру керек:

Жоспардың негізі балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағдарламасы болып табылады.

Тіл дамыту жұмысы оқу-тәрбие процесінің барлық бөлімдерімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Тіл дамыту жұмыстарының әдістері мен мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Әдіс-тәсілдерді, тақырып мазмұнын, бірте-бірте күрделендіру қажет және қайталау жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі керек.

Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бірізділігі сақталуы тиіс.

Жоспар жасағанда балабақшаның жағдайы есепке алынады.

Балалардың тілін дамытуға арналған жұмыстар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде де жалғасын табуы тиіс. Ертеңгілік балабақшаға балаларды қабылдап алғаннан бастап,ертеңгілік, серуен, күннің екінші жартысында ойын, еңбек түрлері негізінде балалардың сөздік қорын дамытуға, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге арналған көркем мәтіндер немесе дидактикалық ойындар, сөздік жаттығулар ұйымдастыру қажет. Ал, күннің екінші жартысында істелінетін жұмыстар календарлық жоспарда көресетіледі. Календарлық жоспар балабақшаның әдістемелік бірлестік отырысында бекітіліп, талқыланады. Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық процесс есепке алуды қажет етеді. Алдымен әр тәрбиеші өз жұмысына талдау жасауы керек. Балабақшадағы есепке алудың басты формасы тәрбиешінің күнделік толтырып отыруды. Жыл басында тәрбиеші өз тобындағы балалардың тілінде қандай кемшіліктер бар екенін бақылап байқауы қажет. Содан соң тіл дамыту оқу іс-әрекеттерінде өтілген материалдарды топтағы балалар қалай меңгерді, егер балалар арасында меңгере алмағандар болса не себепті, бала тілінің грамматикалық құрылысы, дыбыстық жағы талапқа сай ма деген мәселелерді күнделіктерінде көрсетіліп отырылуы керек. Осы өзінің байқаған кемшіліктері бойынша жеке балалармен жұмыс жүргізеді

Поможем в написании учебной работы
Поиск по сайту:Главная
О нас
Популярное
ТОП
Новые страницы
Случайная страница
Изречения для студентов
Пожаловаться на материал
Обратная связь
FAQ

Оцените статью
iPad Мобайл
Добавить комментарий